спорт

Михаил Шайдоров әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары рейтингінде екінші орынға көтерілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты.

Михаил Шайдоров

Ол жапониялық Юма Кагиямадан 70 ұпайға озып, қоржынындағы ұпай санын 4193-ке жеткізді.

Әлемдік рейтингтің көшін әзірге америкалық Илья Малинин бастап тұр. Оның еншісінде 4590 ұпай бар.

Шайдоровтың рейтингтегі көрсеткіші Чехияда өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола жүлде алғаннан кейін жақсарды.

Осылайша, қазақстандық спортшы әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының қатарында екінші орынға көтерілді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз