11:05, 07 Наурыз 2024
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жалақы өсімі бойынша ең соңғы орында
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында 2023 жылы жалақының ең баяу өсімін көрсетті.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мәлімдеді.
«2023 жылы орташа айлық жалақы Арменияда – 688 доллар, Беларусьте – 634 доллар, Қазақстанда – 791 доллар, Қырғызстанда – 379 доллар, Ресейде – 871 долларды құрады», — делінген ЕЭК хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, орташа айлық номиналды және нақты (тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексіне түзетілген) жалақы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанда – 2,3%-ға өскен. Бұл бес мемлекет арасындағы ең төменгі өсім. Ал, ең жоғары өсім Арменияда – 12,4% және Беларусьте – 11%.
Фото: Pixabay