Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:05, 08 Қараша 2024

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

 Адилет Барменкулов
Адилет Барменкулов. Фото: КФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті.

Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен өз еркімен кетті, бұл ақпаратты ҚФФ баспасөз қызметі ресми түрде растады.

Барменқұлов 1971 жылы 20 қарашада дүниеге келген, бұған дейін «Қазақмыс» компаниясында және Көлік министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Ол ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол бұл қызметте Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.

Экс-президенттің тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға сәл жақын қалды. Алайда, шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.