Қазақстан ғарышқа алғашқы зымыранын ұшырады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық зымыран тасығыштың ғарышқа ұшырылуы туралы айтты.
Бұған дейін министрлік басшысы Жаслан Мәдиев 2025 жылы Қазақстан ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу үшін отандық зымыран тасығышты ұшыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Бүгінде Қазақстан алғашқы сынақ ұшырылымын 2025 жылға жоспарлаған. Отандық метеорологиялық зымыранды әзірлеу бойынша жобалау алдындағы зерттеулер жүргізіліп жатыр.
«Метеорологиялық зымыранның сәтті жасалуы ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу үшін отандық ғарыштық зымыран тасығышын жасауға негіз бола алады Әлемдік тәжірибеге қарағанда, бұл шамамен 50-60 миллион долларды құрайды», - дейді министрлік.
Метеорологиялық зымыран жобасы министрліктің ғылыми зерттеулерге арналған лимиті шегінде қаржыландырылады және зымыран тасығышты әзірлеу мен жасауға қажетті қаражат көлемі жобалау кезеңінің аяқталуына қарай анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Қазақстан мен Қытай Айға станция салады деп хабарланған болатын. Елдер бірлескен ғылыми-зерттеу базасын салу туралы меморандумға қол қойды.