Live

Ресей Одессадағы екі құрылыс гипермаркетіне соққы жасады

Ресей Одесса облысына зымырандар және дрондармен жаппай шабуыл жасады. Салдарынан кемінде бес адам зардап шегіп, бірнеше нысанда өрт шықты.

1

 Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер шабуылдың негізгі соққысы азық-түлік қоймалары мен энергетикалық инфрақұрылымға бағытталғанын мәлімдеді.

«Одесса облысы тағы да жаудың жаппай зымыран-дрон шабуылына ұшырады. Негізгі соққы азық-түлік қоймалары мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалды. Жеке тұрғын үйлер де зақымданды. Өрт шықты», – деді Кипер.

Оның мәліметінше, қоймаларға жасалған соққыдан бес адам зардап шеккен. Оның үшеуі орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Екі «Эпицентр» гипермаркеті өртенді

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Одессадағы «Эпицентр» желісінің екі құрылыс гипермаркетіне соққы тиген.

Компания өкілі Юлия Чудновец екі нысанда да өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын, шығын мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатқанын айтты.

«Думская» басылымының мәліметінше, соққы Одессаның Пересып ауданындағы Котовский кентінде орналасқан гипермаркетке және Хаджибей ауданындағы 7-шақырымдағы тағы бір сауда нысанына тиген.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Ресей шабуылынан кейін Одесса облысындағы энергетика және газ инфрақұрылымы нысандарында, сондай-ақ қоймаларда өрт шыққанын хабарлады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз