Live

Леңгірде әйелдің үйіне басып кіріп, таң атқанша ұрып-соққан

Түркістан облысының Леңгір қаласында жергілікті тұрғынға қатыгез шабуыл жасалды.

1

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар түнгі сағат екі шамасында терезе арқылы оның үйіне кірген. Олар әйелді таң атқанға дейін жібермей ұстап, ұрып-соғып, қорлық көрсеткен. Кейін оның ұялы телефонын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазір полиция шабуыл жасаған адамдардың жеке басын анықтап, оларды іздестіріп жатыр.

Полиция мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қылмыстық істің тергелу барысын Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.

Тегтер: Түркістан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз