Live

Ашаршылық туралы қазақстандық фильм Нью-Йорктегі кинофестивальдің финалына шықты

Ашаршылық туралы қазақстандық фильм Нью-Йорктегі кинофестивальдің финалына шықты

Нұртас Адамбай

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың 1930-жылдардағы ашаршылық туралы "Ашаршылық" (Hunger) фильмі Нью-Йоркте өтетін Future Reality AI Film Festival 2026 халықаралық кинофестивалінің финалистері қатарына енді.

Фильм жасанды интеллект технологиясының көмегімен түсірілген. Туындыда қазақ халқының басынан өткен ауыр кезең, ашаршылық жылдарында үш баласын аман алып қалуға тырысқан ананың тағдыры баяндалады.

БАҚ мәліметінше, халықаралық фестивальге әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ден аса өтінім түскен. Солардың арасынан қазақстандық туынды финалға жолдама алған.

Фестиваль жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалған кинотуындыларға арналған. "Ашаршылық" фильмінің көрсетілімі 25 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, 1930-жылдардағы ашаршылық қазақ халқының тарихындағы ең ауыр қасіреттердің бірі саналады. Күштеп ұжымдастыру, мал-мүлікті тәркілеу және кеңестік биліктің жүргізген саясаты салдарынан миллиондаған адам аштыққа ұшырап, халықтың едәуір бөлігі қаза тапты немесе туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз