Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 05 Ақпан 2024

"Қазақстан кедей ел, оны мойындау керек" – сарапшылар

Қазақстан
Фото: из открытых источников

Қаржы сарапшылары Мақсат Халық пен Айбар Олжай елдегі кедейшілік факторларына тоқталып, арнайы бағдарламалар қабылдануы керек екенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Экономист Мақсат Халық елімізде кедейшілік факторлары жиі байқалатынын айтты.

“Халық тапқанын азық-түлік сатып алуға ғана жұмсап отыр. Басқа тауарларды сатып алуға қол жеткізе алмайды. Неге? Себебі, біздің халық кедей. Біз кедей мемлекет екенімізді ашық мойындауымыз керек. Кедей екенімізді Үкімет мойындап отырған жоқ”, – дейді ол.

Ал Айбар Олжай болса, кедей ел екенімізді ресми жариялап, онымен күресу үшін арнайы бағдарлама қабылдану керек екенін баса айтты.

“Макростатистикаға қарасақ, бәрі тамаша. Кедейшілік проблемасы бар деген күннің өзінде “кедейшілікке қарсы күрес” сияқты бағдарлама қабылдануы керек. Персоналды бағдарлама болса да. Мысалы, бір кедейді бағдарламаға енгізіп, “сен төрт жыл ішінде кедей болмау керексің” деген жүйемен оны жұмыспен қамтып, салықтан босатып, несиесін төлеуге жәрдемдесіп, кедейшіліктен құтылудың амалын қарастыру керек”, – деп есептейді ол.