Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:40

Қазақстан құрамасы Бельгиямен бір топта бақ сынайды

2026

13 желтоқсан күні Цюрихте (Швейцария) 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Турнирдің финалдық кезеңі 2026 жылы 11-19 шілдеде АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Әлем біріншілігіне УЕФА-дан 16 құрама жолдама алады.

Жеребе тарту рәсіміне 54 құрама қатысты. Олар 12 топқа бөлінген. Финалдық кезеңге әр топтың жеңімпазы тікелей шықса, қалған төрт жолдама үшін топта екінші орын алған және Ұлттар лигасы арқылы іріктеуге шыққан төрт құрама таласады. Іріктеу матчтары 2025 жылғы наурызда басталып, қарашада аяқталады.

Әлем чемпионатына іріктеуге Қазақстан құрамасы УЕФА туы астында алтыншы рет қатысқалы отыр. Бұған дейін 2006, 2010, 2014, 2018, 2022 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде бақ сынап, оңды нәтижеге қол жеткізе алған жоқпыз.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы J тобына түсті. Қарсыластары – Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі (Астана уақытымен):

22/23.03.2025 | 00:45

Уэльс – Қазақстан

25/26.03.2025 | 00:45

Лихтенштейн – Қазақстан

09.06.2025 | 19:00

Қазақстан – Солтүстік Македония

04.09.2025 | 19:00

Қазақстан – Уэльс

07.09.2025 | 23:45

Бельгия – Қазақстан

10.10.2025 | 19:00

Қазақстан – Лихтенштейн

13.10.2025 | 23:45

Солтүстік Македония – Қазақстан

15.11.2025 | 19:00

Қазақстан – Бельгия.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы өте сәтсіз өнер көрсетті. Ресейлік маман Станислав Черчесовтің бастауымен біздің құрама ресми ойындарда бірде-бір гол соққан жоқ. Ұлттар лигасының В дивизионындағы 6 матчта небәрі бір ұпай жинап, С лигасына «ұшып» кетті. Ал Черчесов бар болғаны жанкүйерлермен, журналистермен тәжікелесіп, қазақ тілін келеке етумен ғана есте қалды. Нашар нәтиже, сүреңсіз ойын және бітпейтін дау-дамайға қарамастан, футбол федерациясы ресейлік маманды қызметінен босатқан жоқ. Жанкүйер қауым Черчесовтің Қазақстан құрамасын тәуір жетістікке жеткізе алатынына сенбейді.