Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында Колумбияға есе жіберді
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын өткізді. К тобы аясындағы кездесуде өзбектер Колумбия құрамасына 1:3 есебімен жол берді.
Мексиканың Мехико қаласындағы әйгілі «Ацтека» стадионында өткен матчта есепті алғашқы болып колумбиялық қорғаушы Даниэль Муньос ашты. Оған Луис Диас нәтижелі пас берді.
Екінші таймның басында Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев таразы басын теңестіріп, жанкүйерлерге үміт сыйлады. Алайда көп ұзамай Луис Диас Колумбияны қайта алға шығарды. Кездесудің соңына қарай Хаминтон Кампас тағы бір гол соғып, қарсыластың басымдығын нығайтты.
Осылайша Колумбия турнирді жеңіспен бастап, үш ұпай еншіледі. Ал әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Өзбекстан құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.
Айта кетейік, К тобында сондай-ақ Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары өнер көрсетеді. 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.