Назым Қызайбай Қазақстанға Әлем кубогының екінші медалін сыйлады
Қазақстандық үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шығып, Қазақстан құрамасына кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда қазақ боксшысы Польшаның 25 жастағы өкілімен кездесті.
Алғашқы раундта Назым барлық төрешінің шешімімен сенімді басымдыққа ие болды. Екінші раундта бес төрешінің үшеуі жеңісті қарсыласына бергенімен, шешуші үшінші раундта қазақстандық боксшы қайтадан басым түсіп, төрешілердің көпшілігінің қолдауына ие болды.
Қорытынды есеп – 4:1. Осылайша Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальға қол жеткізді. Турнир регламентіне сәйкес үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейді.
32 жастағы Назым Қызайбайдың еншісінде әлем чемпионаттарының бес медалі бар. Оның үшеуі – алтын. Сондай-ақ ол 2024 Summer Olympics ойындарының қола жүлдегері.
Әзірге Қазақстан тарихында бокстан әлем чемпионатын Назымнан көп ұтқан спортшы жоқ.