Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде үшінші орынға тұрақтады
Астана қаласында өткен бәсекеде дзюдошылар екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.
Әлемнің 36 елінен 295 татами шебері қатысқан әлемдік доданы Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға тұрақтады. Атап айтқанда, 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла мен – 100 келі салмақ дәрежесінде Марат Байқұмаров турнир чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына қос алтын жүлде салды.
Күміс жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар және +78 келі салмақ дәрежесінде Камила Берліқаш жеңіп алды.
Ал қола медальдарды 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов, 73 келіге дейінгі салмақта Ансарбек Ғайнуллин, 90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов және +78 келі салмақ дәрежесінде Аида Тойшыбекова иеленді.
Бұл еліміздің тарихындағы елеулі жетістік, бұрын соңды Қазақстан атынан Grand Slam жарыстарында екі бірдей чемпион шықпаған.