Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:12

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын ең нашар гол айырмасымен аяқтады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан мен Андорра құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының бұл маусымын бір рет те гол соға алмаған команда ретінде аяқтады.

 

20 қарашаға қараған түні турнирдің топтық кезеңі аяқталды. Соңғы матч күні Андорра құрамасы Мальтамен сырт алаңда голсыз тең түскені арқасында жалғыз ұпайға қол жеткізді.

Бұл нәтиже команданы D2 тобының соңғы үшінші орнында қалдырды. Андорралықтар үш рет жеңіліп, бір рет жалпы есеппен 0:4 есебімен тең түсті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы да бірде-бір гол соқпай, бір ұпай еншіледі.

Бұл ретте Станислав Черчесов шәкірттері В3 тобында алты кездесу өткізіп, жалпы есеппен 0:15 есебімен аяқталды. Бұл барлық 54 қатысушы команда арасындағы ең нашар гол айырмашылығы. Қазақстан құрамасы екінші күшті дивизионнан үшінші топқа түсіп қалды.