Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:22, 05 Желтоқсан 2023

Қазақстан мектептері қызылшадан карантинге жабыла ма

қызылша
Фото: из открытых источников

Оқу-ағарту, жоғары білім министрлері мектептер мен университеттерде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі эпидахуал туралы айтты.

«Әкімдіктермен және оқу-ағарту министрлігімен тұрақты мониторинг жүргізілуде. Әзірге денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл бағытта белгілі бір шешім жоқ. Біз олармен тұрақты байланыстамыз.

Бүгінде жоғары оқу орындарының 8 мыңға жуық студенті медициналық көмекке жүгінді. Соның ішінде 200-300 адам ғана қызылша жұқтырды деген күмәнмен барған. Сол себепті күрделі эпидемиологиялық ахуал жоқ. Біз денсаулық сақтау министрлігімен, бас санитарлық дәрігермен тығыз байланыстамыз», - деді министр.

Саясат Нұрбек өңірлерде жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұрғанын, қызылша жұқтырған студенттер саны өте аз екенін атап өтті. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарында карантин жариялау туралы шешім қабылданбаған.