11:50, 07 Ақпан 2024
Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылмақ
2024 жылдың 9 ақпаны мен 11 ақпаны аралығында Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zhasalash.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті мұны Қытайда көктем мерекесін тойлаумен байланысты деп түсіндірді.
«2024 жылдың 9-11 ақпаны аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Теміржол пункттері бұрынғыдай жұмысын жалғастырады»,- делінген хабарламада.
Шекарадан өткісі келетіндерге шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.