БҚО-да аң аулауға барып, досын абайсызда атып өлтірген ер адамға үкім шықты
Батыс Қазақстан облысында аңшылық кезінде танысын абайсызда атып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты.
Іс материалдарына сәйкес, екі таныс далада аң аулап жүрген. Бірнеше қоянды атқаннан кейін олардың бірі мылтығын тазаламақ болған сәтте абайсызда шүріппені басып жіберген.
Атылған оқ қасында тұрған азаматтың іш тұсына тиіп, ол оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу барысында қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуынан болғаны анықталды. Сот айыпталушыны абайсызда адам өліміне себепкер болды деп таныды.Жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін толық мойындағанын, жасаған ісіне өкінетінін және кәмелетке толмаған балалары барын ескерді.
Нәтижесінде ер адам 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, пробациялық бақылауға алынды.