СҚО-да 13 жастағы қызды ауыл сыртына алдап апарып, зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында 13 жастағы қызға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1 шілде күні кешкі сағат алты шамасында кәмелетке толмаған қыз дүкеннен шыққан. Осы кезде күдікті оны мотоциклге отырғызып серуендетуге уәде беріп, алдап ауылдан алып кеткен.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам қызды ауыл сыртында ұстап, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Мектеп оқушысын іздеу жұмыстары түні бойы жүргізіліп, қыз тек таңғы сағат бес шамасында елді мекеннен тыс жерден табылған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.