Қазақстан ОПЕК+ ұйымының алдындағы өтемақыны өтеуге уәде берді
Қазақстан ОПЕК+ ұйымына 2024 жылдың соңына дейін бірінші тоқсанда мұнайдың артық өндірілуінің орнын толтыруға уәде берді.
Министрлік сөзінше, Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады.
Қазақстан ОПЕК + келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды. Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2024 жыл ішінде 1-тоқсанда асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Біз әр елдің міндеттемелерін орындаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын түсінеміз, деп хабарлады дел хабарлады Энергетика министрлігі.
Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асыра орындады. Бұл климаттық жағдайға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты болған. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің кезекті міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты.
Фото: ҚР Энергетика министрлігі