Әлеумет

Қазақстан Ресей газын Тәжікстанға жеткізуден уақытша бас тартты

Қазақстан темір жолы сәуір айының соңында Ресейден Тәжікстанға бағытталған сұйытылған көмірсутек газын тасымалдауға берілген өтінімдерді кері қайтарды. Бұл шешім Тәжікстан темір жолдары тарапынан түскен өтініш негізінде қабылданған.

Газ

Мәселенің негізгі себебі – вагондардың шамадан тыс жиналып қалуы және соның салдарынан теміржол инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуы. Бұл жағдай тасымал процесін қиындатып, логистикалық тізбектің тиімділігіне кері әсер еткен.

Аталған жағдай аясында, сондай-ақ ресейлік жеткізушілердегі бағаның өсуіне байланысты Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға бағытталған газ партияларының құны айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. Сарапшылар мұны өңірлік нарықтағы ұсыныс пен сұраныс теңгерімінің бұзылуымен байланыстырады.

2026 жылға арналған келісімге сәйкес, Ресейден Тәжікстанға жеткізілетін сұйытылған көмірсутек газынының баж салығынсыз лимиті 50 мың тонна көлемінде белгіленген. Егер бұл көлем мамыр айының өзінде толық игерілсе, онда бағаның одан әрі өсу қаупі жоғары.

Сонымен қатар жағдайды күрделендіре түсетін тағы бір фактор – Теңізшевройл компаниясының мамыр айына арналған споттық жеткізілімдерді әлі жүзеге асырмауы. Бұл өңірдегі ұсыныстың азаюына ықпал етіп, нарықтағы қысымды күшейтіп отыр.

Жалпы алғанда, орын алған жағдай Орталық Азия елдері үшін энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен жеткізудің тұрақтылығы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз