Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 10 Қазан 2024

Қазақстан Ресейден 2 млн 207 мың доза вакцина сатып алды

ы
Фото: ortkom

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 млн 207 мың дозасы сатып алынғанын мәлімдеді.

ДДҰ мәліметтері бойынша болжамға сәйкес алдағы эпидемиялық маусымда тұмаудың үш штаммы өзекті болады - A (H1N1), A (H3N2) және B, олар 2024/2025 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына кіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова хабарлады.

Оның айтуынша, осы жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 млн 207 мың дозасы сатып алынды.

«Бұл халықтың 11% қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ халықтың вакцинациямен қамту мөлшері 10%. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар. Бүгінгі таңда тұмауға қарсы 769 мың адам егілді. Оның ішінде 184 500-і бала. Вакцинация жалғасуда», - деді спикер.
Тегтер: