Қазақстанда 1 грамм алтынның құны 68 мың теңгеге жетті
7 мамырдағы жағдай бойынша бір грамм алтынның құны 68 086 теңгеге жетті, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкі.
Соңғы бір апта ішінде бағалы металдың бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы тұрақсыздықпен және инвесторлардың қауіпсіз активтерге қызығушылығының артуымен байланыстырады.
Халықаралық нарықта да алтын бағасы апталық максимум деңгейіне жақындап тұр. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісімге қатысты жаңа мәліметтерді күту әсер еткен.
Нарықтағы деректерге сәйкес, алтынның спот бағасы бір унция үшін 4692 долларға дейін көтерілген. Ал АҚШ-тағы маусым айына арналған фьючерстердің құны 4701 доллар деңгейіне жеткен.