Қазақстанда 2026 жылғы негізгі ҰБТ басталды
Қазақстанда 2026 жылғы негізгі ҰБТ басталды Биыл тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Екі рет тапсыру мүмкіндігін ескергенде, жалпы 446 мыңнан астам өтінім қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп.
Талапкерлердің 74%-ы қазақ тілін таңдаған. Орыс тілінде – 26%, ал 851 адам ағылшын тілінде тест тапсырады.
Ел бойынша 45 тестілеу орталығы жұмыс істеп тұр. Алғашқы күні 926 талапкер емтихан тапсырса, оның 359-ы Астанадағы орталықтарда тестілеуден өтіп жатыр.
Ең танымал пәндер комбинациясы өзгермеген. Талапкерлердің басым бөлігі «Математика-Физика» бағытын таңдаған.