Елімізде әкімшілік амнистия аясында 22 млрд теңгеден астам айыппұл кешірілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі елімізде жарияланған әкімшілік амнистияның алғашқы қорытындыларын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы заңға қол қойған.
ІІМ мәліметіне сәйкес, Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында заңда көзделген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатылды.
Ішкі істер органдарының желісі бойынша амнистия 590 мыңға жуық азаматқа қатысты қолданылды. Нәтижесінде 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовнің айтуынша, амнистия – бір реттік ізгілік шарасы және ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.