Қоғам

Қазақстанда биыл қанша автокөлік шығарылды?

Биылғы 9 айда Қазақстанда 91 мың автокөлік шығарылды. Бұл туралы Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді.

а

Отандық автоөнеркәсіп бүгінде көлік құралдарын шығаратын сегіз кәсіпорыннан тұрады. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 91 мың бірлік автокөлік құралдары өндірілді, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс индексі 86,7%-ды құрады.

«Жалпы машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады», — деді Анар Мақашева.
Тегтер: автокөлік
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз