Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:45, 15 Шілде 2024

Қазақстанда бірінші жартыжылдықтағы ЖІӨ 3,3% болды

u
Фото: pixabay

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) нақты өсімі бірінші жартыжылдықта 3,3% деңгейінде бағаланды.

«Ұлттық статистика басқармасының жедел деректеріне сәйкес, нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы 3,2%-дан жеделдеп, 3,3%-ды құрады. Жетілдірілген динамика тауарлар өндірісінде де (3,5%-дан 3,6%-ға дейін), қызмет көрсету саласында да (3,1%-дан 3,3%-ға дейін) байқалады», - делінген хабарламада.

Үкімет есебінше, өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің 5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.

Тегтер: