Өңір

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Аптап ыстық

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, ал 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында, сондай-ақ 15 маусымда оңтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауып, екпінді жел тұруы ықтимал.

Ал шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. 14-15 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы аумағында, сондай-ақ Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы және Жетісу облысы өңірлерінде ауа температурасы күндіз +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. 15 маусымда Атырау облысы аумағында да +35...+38°С қатты ыстық болады. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз