Қазақстанда электронды қолтаңбаны қорғаудың жаңа тетігі іске қосылды
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) жеке кабинетке кіру кезінде екі факторлы аутентификация жүйесін енгізді.
Енді пайдаланушылар ЭЦҚ мен құпиясөзден бөлек, жүйеге кіруді бір реттік SMS-код арқылы немесе eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық жеке куәлік көмегімен растауы қажет.
ҰКО мәліметінше, бұл шара пайдаланушылардың аккаунттары мен жеке деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға бағытталған.
Жаңа талап Қазақстанда тұрмайтын азаматтарға қолданылмайды. Себебі олардың телефон нөмірлері Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.