Live

Қазақстанда еттің бағасы 15 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе?

Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахымбеков алдағы уақытта Қазақстанда еттің келісі 15-20 мың теңгеге жетуі ықтимал екенін айтты.

ет бағасы

Оның пікірінше, ел ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай, етті Өзбекстаннан импорттауға мәжбүр болады.

- Кейін біз, қазақтар, басты ұлттық тағамымыз бешбармаққа өзбек етін салатын боламыз, бірақ оның келісі 15-20 мың теңге болады. Айтпақшы, мен 2019 жылы еттің бағасы 5-6 мың теңге болады деп ескерткенмін. Қанша сынаса да, менің болжамдарым орындалып келеді. Жағдайды біліп отырғандықтан осындай қорытынды жасадым. Қуаңшылық болған бойда баға өсе бастайды, - деді ол.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шілде айында Қазақстандағы ет бағасының өсуіне негізгі себеп – делдалдар екенін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, Қазақстанда ет бағасы көрші Орталық Азия елдерімен салыстырғанда әлі де төмен. Алайда нарықтағы кейбір делдалдар бағаны қолдан көтеріп отыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ет бағасы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз