Қазақстанда лотерея терминалдарының жұмысы тоқтатылды
Бүкіл Қазақстан бойынша электронды лотереяларды сататын дүңгіршектер мен терминалдарының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ведомстводағылар бұл дүңгіршектерге қатысты қазақстандықтар мен мемлекеттік органдарға шағымдар жиі түсетінін түсіндірді.
"Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ-на лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жіберді", - деп жазылған 2024 жылдың 7 ақпанындағы хабарламада.
Дегенмен, сарапшылардың атап өтуінше, кейбір жерлерде ресми "сары-көк" Lotomatic терминалдары ретінде көрнекі түрде стильдендірілген контрафактілік машиналар жұмыс істей беруі мүмкін.
"Осыған байланысты азаматтарды қырағы болып, заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ министрліктің чат-ботына және WhatsApp (+7 707 9071507) Lotomatic дүңгіршектерінің немесе заңсыз лотереяның барлық фактілері туралы хабарлауын сұраймыз. Әрбір сұраныс "лотерея операторымен және құқық қорғау органдарымен бірге мұқият қаралады",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
2024 жылдың 9 қаңтарында Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі 1WIN онлайн-казиносының ұйымдастырушылары халықаралық іздеуге жарияланғанын хабарлады. Бұдан кейін Агенттік ақшаның интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданғанын, бұл тіпті кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. 2023 жылдың өзінде онлайн-казино айналымы шамамен төрт миллиард теңгені құрады.