Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:47, 01 Тамыз 2024

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бөлінеді

в
Фото: pixabay

Қазақстанда әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінген. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова президентке әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістерін таныстырды.

Аталған тәсілдер бөлінген қаржының шын мұқтаж жандарға жетуін, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған, делінген хабарламада.

Оның айтуынша, ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді.

Сонымен қатар ол президентке білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша Үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берген. 

Ал, Тоқаев бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.