Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды.
Сержан Аяпберген 2006 жылы туған. Ол спортпен кәсіби түрде айналысып, самбодан Қазақстан чемпионатының және ТМД студенттер ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алған.
Марқұмның әскери қызметінің аяқталуына небәрі екі апта қалған еді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болды.