Қазақстанда Оңтүстік Корея университеттерінің филилалы ашылады
Оңтүстік Кореяның KAIST университеті Қазақстанда өз филиалын ашады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
KAIST университеті әлемде және жаһандық академиялық қоғамдастықта электротехника, информатика, машина жасау және инженерия салаларындағы инновациялық зерттеулері мен әзірлемелерімен кеңінен танымал.
2024 жылғы 1 сәуірде Тэджон қаласындағы KAIST университетінде министр Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық делегацияның KAIST Президенті Кван Хен Лимен кездесуінде тараптар бірлескен стратегиялық ынтымақтастық және KAIST университетінің Қазақстандағы филиалын ашу мәселелерін талқылады. KAIST Президенті Кван Хён Ли Қазақстанда филиал ашуға қызығушылық білдіріп, жобаны бағалау үшін техникалық-экономикалық негіздеме жүргізуді ұсынды, делінген министрлік хабарламасында.
KAIST Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең инновациялық университет ретінде танылды, сонымен қатар Times Higher Education журналы бойынша әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде үшінші орында тұр.
Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімдігі мен басшылығы арасында Вусон университетінің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды. Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі