Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады
Үкімет Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы қаулы жариялады.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжат “Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы” заңды мәжілістің қарауына енгізу туралы деп аталады.
Қаулы жобасына қосымша ретінде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру жөніндегі шарт берілген.
Бұл шартқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің бірінші басшылары биылғы қаңтарда қол қойған .
Құжатта халықаралық ұйымның қандай жұмыстармен айналысатыны және қалай қаржыландырылатыны жазылған. Мұның негізінде ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Үлестік жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған.