Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 14 Мамыр 2024

Қазақстанда орман шаруашылығы мекемелеріне қанша ақша бөлінеді?

в
Фото: из открытых источников

ҚР Үкіметі Орман шаруашылығы мекемелеріне 2023-2027 жылдары 70 миллиардқа жуық қаржы бөледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Үкіметтің айтуынша, бұл орман саласын қаржыландырудағы рекордтық көрсеткіш.

Үкімет Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған, жалпы сомасы 68 млрд теңгеден асатын кешенді жоспар қабылдады. Бұл осы саланы қаржыландырудағы рекордтық көлем, дейді Экология министрлігі. 

Өткен жылы Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау ұйымдары үшін 15,6 млрд теңгеге жабдық сатып алынған.

Ал, биыл, 2024 жылы кешенді жоспар аясында материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3,8 млрд теңге, министрліктің табиғатты қорғау мекемелері үшін түрлі көздерден 15,4 млрд теңге бөлінген. 

Сонымен қатар,  Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өртке ең қауіпті учаскелері мен «Семей орманы» резерватына өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелері енгізілетіні айтылған. 

Айта кетейік, ҚР мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн га құрайды, оның ішінде 13,7 млн ​​га орман алқаптары.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: