Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 13 Мамыр 2024

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мекеме құрылады

р
Фото: из открытых источников

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылады. Бұл туралы Үкімет қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі – делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Қаулыда жобаны іске асыру бес жыл ішінде (2024-2028 жылдар аралығында) 1 миллиард 638 миллион 715 мың теңге көлемінде қосымша қаржылық шығындарды талап ететіні көрсетілген.

Комитетті құруға 2024 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысының хаттамасындағы тармақ негіз болғаны айтылады. 

Жобаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды бақылауға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Құжат 24 мамырға дейін Ашық заңды тұлғалар порталында қоғамдық талқылауда болады.

Фото: pixabay