Қоғам

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

Үкімет отырысы шеңберінде цифрлық даму министрі жасанды интеллект әлеуетін қауіпсіз, жауапты және әдепті пайдалануға бағытталған реттеуші ортаның пайымын ұсынды.

h

Министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп «Жасанды интеллект туралы» Заң жобасын әзірледі.

«Заң жобасы этикалық нормаларды қабылдауды, мемлекеттік реттеуді, ЖИ-объектілері жұмыс істеуінің құқықтық режимін, ЖИ-объектілерін жіктеуді, ЖИ саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен стандарттауды көздейді», — деп мәлімдеді Ж. Мәдиев баяндама барысында.
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз