Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 23 Сәуір 2024

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқу міндеттелмек

а
Фото:

Енді Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті оқу міндетті болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қазақстандағы көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді оқыту ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабарламасында айтылған.

Бұдан былай Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыруға болады. А, В, А1 және В1 санаттары бойынша куәлік алуға үміткер жүргізуші кандидаттарын өздігінен оқытуға мүмкіндік беретін тармақтар емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін беру қағидаларынан алынып тасталды, – делінген хабарламада.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар негізінде жасалған. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылды.

Өзгерістер «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңес мақұлдаған.

Фото: pixabay

Тегтер: