Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль бағамы қандай?
Ақша айырбастау пунктеріндегі жағдай қалай?
Қазақстанда 2023 жылғы 3 қараша күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 468.13 (-1.96), еуроға шаққандағы бағамы – 497.34 (+1.49) және рубльге шаққандағы бағамы – 5.03 (-0.02) құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде сағат 09:40-тағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы – 470.5 теңге, сатып алу бағамы – 467.5 теңге. Еуроны сату бағамы 499.5 теңге шегінде, сатып алу бағамы 495 теңге болды. Ресей рублін 5.05 сатып, 4.87 теңгеге сатып алуға болады.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сағат 10:11-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сату бағамы 470 теңге, сатып алу бағамы 465 теңге болды. Еуро 499 теңгеден сатылып, 494 теңгеден сатып алынады. Рубль 5.05 теңгеден сатылып, 4.9 теңгеден сатып алынады.