Live

Қазақстандағы электр энергиясының өшуіне Қырғызстандағы СЭС-тегі апат себеп болған

Қазақстанның сегіз өңірінде электр энергиясы өшті

Электр

Қырғызстандағы Тоқтоғұл су электр станциясында екі гидрогенератордың істен шығуы Қазақстанның сегіз өңіріндегі электр қуатының өшуіне себеп болды. Бұл туралы KEGOC компаниясы хабарлады.

Компания мәліметінше, 14 тамыз күні сағат 14:37-де Тоқтоғұл СЭС-індегі екі гидрогенератор ажыратылған. Соның салдарынан Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі Солтүстік–Шығыс–Оңтүстік транзитіне шамадан тыс жүктеме түскен. Нәтижесінде Оңтүстік аймақ Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінен және Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан кіретін Орталық Азия энергожүйесінен ажыраған.

Электр қуаты Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында уақытша өшкен.

KEGOC мәліметінше, сағат 14:47-де Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді. Алматы мен Жетісу облыстарында жарық 16:26-да, ал Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында 16:34-те қайта берілді.

Технологиялық ақаудың нақты себептерін арнайы комиссия тексереді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз