Қазақстандағы қандай мамандарға айына 1 миллион теңге жалақы төленеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдың желтоқсан айында электронды еңбек биржасында 120 мыңға жуық бос жұмыс орны мен 59 мыңнан сәл астам түйіндеме жарияланғанын хабарлады.
Елімізде қандай кадрлар жетіспейді?
Бірқатар облыстар білікті мамандардың өткір тапшылығына тап болып отыр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облыстарында маман тапшылығы басталады.
«Жалпы сұраныстың ұсыныстан басым болуына қарамастан, желтоқсан айында заңгерлердің (214 бос орын және 846 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдерінің (112 бос орын және 425 түйіндеме) және бастауыш сынып мұғалімдерінің (151 бос орын және 442 түйіндеме) айтарлықтай артықшылығы байқалды. Жарияланған түйіндемелердің жартысы 16 мен 35 жас аралығындағы жастарға тиесілі», - делінген хабарламада.
Жоғары жалақы
Жұмыс берушілер қараша айында ең жоғары жалақыны өндірістің бас технологтарына (орта есеппен 954 мың теңгеден), ұңғымаларға қызмет көрсететін инженерлерге (800 мың теңгеден) және жүйелік сәулетшілерге (700 мың теңгеден) ұсынды.
«Өз кезегінде ең жоғары жалақыны ұңғымаларға қызмет көрсететін инженерлер (орта есеппен 1,5 млн теңгеден), бұрғылау бойынша жетекшілер (1,1 млн теңгеден) және өнімді әзірлеу бойынша менеджерлер (935 мың теңгеден) күтті.
Осылайша, желтоқсанда жылдың аяқталуына және жұмыс берушілер тарапынан кадрлық белсенділіктің төмендеуіне байланысты жұмыс берушілердің білікті кадрларға деген қалыпты қызығушылығы байқалды», - делінген хабарламада.