Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:32, 15 Мамыр 2024

Қазақстандағы орташа жалақы 382 279 теңге болды

в
Фото: из открытых источников

ҚР Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа жалақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бюро мәліметінше, 2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мөлшері — 382 279 теңгені құрады.

Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ға, Алматы қаласында — 16,4%-ға, Ақтөбе облысында — 16,1%-ға, Павлодар облысында — 15,9% байқалған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім: Атаулы мәнде — 12,3% Нақты мәнде — 2,7% Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады.

«Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі», —дейді Ұлттық статистика бюросы.

Тегтер: