12:50, 24 Желтоқсан 2024
Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты
Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты.
Катарда өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Курманбек Ақжол екі әлемдік рекорд орнатты.
Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, бүгін Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты: екінші жаттығуда 175 келі көтеріп, қос сайыс қорытындысы бойынша 316 келі көрсеткішке қол жеткізді. Ақжол 3 алтын медаль жеңіп алып, 2024 жылғы Азия чемпионы атанды.