спорт

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Әділжан Жаудинов

 Байрақты бәсеке Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатыр.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен Жаудинов финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде ресейлік Абдулманаф Рамазановты жеңді.

Қазақстан қоржынында – үшінші алтын

Әділжан Жаудиновтың жеңісі Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесі болды. Бұған дейін Ғабит Расулхан 60 келіге дейінгі салмақта, ал Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ Әдия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген, Ахмет Баубек, Ерік Үсенов және Еркен Бекәлі әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз