Қазақстандық миллиардер Қырғызстанда қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді
Forbes Қазақстанда Top-25-ке кірген белді бизнесмен Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда іздеу жарияланды. Ол қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінген.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, Жұманбаев Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біле тұра бірлескен бизнес-жобаларды жүргізу үшін онымен байланыста болған.
Тергеу мәліметтерінде Жұманбаевтың Қырғызстандағы алтын өндіруші компаниясы 2021 жылдан 2023 жылға дейін ай сайын 1 миллион сомды қылмыстық ұйымға жіберіп отырғаны айтылған.
"Кәсіпкердің өзі Көлбаевпен Ыстықкөлдегі "Барс" демалыс орталығында бірнеше рет жеке ұшақпен келіп, кездесулер өткізген", – делінген хабарламада.
Оған мемлекетаралық және Интерполдың Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің желісі бойынша іздеу салынған. Ал, қазақстандық Forbes тізімінде Жұманбаев 25-орында тұр.
Фото: ГКНБ