Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:51, 13 Тамыз 2024

Қазақстандық шаруаларға 6,12 млрд текше метр су берілді

Р
Фото: ortkom
«Қазсушар» филиалдары суару маусымында қазақстандық шаруаларға 6,12 млрд текше метр су берді.

Бүгінгі таңда дихандармен суармалы су беру туралы 23 886 келісімшарт жасалған. 

«Еліміздің барлық аймағындағы шаруаларға тұрақты түрде су беріліп жатыр. Биыл суармалы судың жетіспеушілігі байқалмайды. Ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін вегетация кезеңіне дейін де көп жұмыс атқарылды. Су дипломатиясы күшейтілді, осының арқасында еліміздің оңтүстігіндегі шаруалар қажетті су көлемін алды. Кейбір шаруа қожалықтары екінші мәрте өнім жинауға дайындалып жатыр»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.