Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 07 Маусым 2024

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс ала ма?

Мешіт
Фото: pixabay

ҚМДБ 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп жариялады.

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, делінген хабарламада.

Ал, Құрбан айттың жексенбі күнге келуіне орай қосымша демалыс болмайды. 

«2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалып жатқанда ҚМДБ Құрбан айт 17 маусымда болатынын ресми түрде хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс жариялау туралы жоспар болған. Алайда, ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға келеді деп жариялады. Демалыс күндеріне келетін діни мерекелерге қосымша демалыс жариялауға болмайды. Сондықтан, Құрбан айт онсызда жексенбі күні басталатыдықтан, дүйсенбі қалыпты жұмыс күні», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚазТАГ басылымына берген жауабында.

 

Тегтер: