Қоғам

Қазақстандықтар мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар мобильді қосымшаларды тарифсіз қолдана алады

Қазақстанда байланыс пен интернет қызметіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілмек. Мәжіліс телекоммуникациялар нарығын дамыту және деректерді өңдеу орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған заңды екінші оқылымда қабылдады.

Ұялы телефон

Жаңа нормаларға сәйкес, қазақстандықтарға eGov секілді мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар мобильді қосымшаларды тарифсіз пайдалану мүмкіндігі берілуі мүмкін. Яғни мұндай сервистерге тәулік бойы интернет пакетінсіз қол жеткізу қарастырылып отыр.

Заң аясында байланыс инфрақұрылымын дамытуға да басымдық берілген. Атап айтқанда, антенна мен байланыс құрылғыларын орнатуға арналған жер телімдерін бөлу тәртібі жеңілдетіледі. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда байланыс желілерін салуға рұқсат беру мәселесі де қамтылған.

Құжатта ұялы телефондарды міндетті верификациялау тетігі де қарастырылған. Бұл функция Мемлекеттік радиожиілік қызметіне беріледі. Жаңа жүйе азаматтарды жалған немесе заңсыз құрылғылардан қорғауға бағытталған.

Бұдан бөлек, заң жобасы спутниктік байланысты дамыту, деректерді өңдеу орталықтарының қызметін реттеу және заттар интернеті желілерінің жұмысын жетілдіру нормаларын да қамтиды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз