Қоғам

Қазақстандықтардың 45,1%-і Бишімбаевты өмір бойына соттауды сұраған

DEMOSCOPE мониторинг бюросы зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 45,1%-і Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыру әділ жаза деп санайды.

р

Респонденттердің 19,4%-і 15-20 жылға бас бостандығынан айыруды, 9,5%-і 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, 1,4%-і шартты түрде соттауды және айыппұл салуды қолдаған.

Сауалнамада одан бөлек қазақстандықтар қай тарапты қолдайтыны да анықталды. Осылайша, респонденттердің басым бөлігі (71,9%) жәбірленуші Салтанат Нүкеноваға тілектестігін білдірді. Бұл ретте Қуандық Бишімбаев тарабын 0,4%, яғни төрт адам ғана қолдайды. Респонденттердің бестен бір бөлігі (22,7%) екі тарапты да қолдамайды.

Процесстің жоғары қоғамдық қолдауы азаматтардың 40,7%-і әділетсіз үкім шығарылған жағдайда Бишімбаевқа әділ жаза талап етуіне дайындығынан көрінеді. Олардың 24%-і президенттің атына жазылған петициялар мен үндеулерге қол қоюға дайын екенін, 3,9%-і шерулер мен митингке қатысатынын, 12,8%-і өз ортасында ашуланып қана қоятынын жеткізді. Бұл ретте 32,6% ештеңе істемейтінін айтқан.

DEMOSCOPE мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жартысынан көбі (52,5%) жалпы сот процессін бақылаған. Үштен бірінен астамы (35,7%) сот процессі туралы білген, бірақ бақыламаған. Респонденттердің 10,9% сот процесі туралы алғаш рет естіген.

Сауалнама сот үкімі шығарылғанға дейін жүргізілген.

Фото: Жоғары сот

Тегтер: Бишімбаев
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз