Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 12 Ақпан 2024

Қазақстандықтарға 138 мың теңге мемлекеттік сыйақы түсуде

 мемлекеттік сыйақы
Фото: из открытых источников

"Отбасы банкі" салымшыларының шотына 2023 жылға арналған мемлекеттік сыйақы түсе бастады. Алайда бұл төлем барлық салымшыларға бір уақытта түсе бермейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың "Отбасы банкіндегі" депозиттерінің жалпы сомасы 2,296 трлн теңгені құраған. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарында жалпы сома 2,43 трлн теңгеге дейін өскен. 

Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйақы төлейді. Мемлекеттік сыйақы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгерген қатысушыларға берілуде. 

Мемлекет сыйақы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйақы – 138 000 теңгені алады.