Live

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті

Қазақстанның халық әртісі, көрнекті театр режиссері әрі педагог Есмұхан Обаев дүниеден өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

 Есмұхан Обаев өмірден өтті

Есмұхан Обаев 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын белгілі ұстаз Аскар Токпановтың шеберханасында тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында режиссер болып қызмет атқарды, Мәскеудегі МХАТ театрында тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, Абай атындағы Семей қазақ драма театрында бас режиссер әрі көркемдік жетекші болды.

Кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып, Қазақстан Республикасы мәдениет министрінің орынбасары болды. 2001–2013 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметін басқарды.

Марапаттары мен шығармашылығы

Есмұхан Обаев – 1988 жылы «Қазақ КСР-нің халық әртісі» атағын алған, 1975 жылы «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атанған. Сондай-ақ «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері.

Ол сахнада ондаған спектакль қойған. Олардың қатарында «Абай», «Қарагөз», «Айман – Шолпан», «Ревизор», «На дне», «Асауға тұсау» сияқты қойылымдар бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз